Қазақстандықтар визасыз алысқа кете алмайды

2015 жылы қазақстандықтар 65 елге визасыз бара алған болса, 2016 жылы 67 елге, 2017 жылы 71 елге жеткен.

Фото: abctv.kz17 Қаңтар 2018, , 09:59

Қазақстанның еркін жүріп-тұру рейтингінен алатын орны белгілі болды. Қазақстандық төлқұжат иелері 2018 жылы әлемнің 71 еліне визасыз бара алады, деп хабарлайды abctv.kz.

Жеті жыл ішінде бұл көрсеткішке 10 ел қосылған.

Henley&Partners халықаралық консалтингтік компаниясы өзінің жыл сайынғы төлқұжаттар индексінде осындай мәлімет келтірді.

2018 жылдың рейтингінде Қазақстан Беларусь және Оманмен 65-орынды бөлісіп, былтырғы жылға қарағанда екі саты көтерілген.

Бірақ та визасыз баратын елдер саны көбейген жоқ.

Алайда соңғы жылдары қазақстандықтардың визасыз баратын елдерінің саны тұрақты өсіп келеді.

2015 жылы қазақстандықтар 65 елге визасыз бара алған болса, 2016 жылы 67 елге, 2017 жылы 71 елге жеткен.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ