Жұмыстан қуылған балабақша тәрбиешісі өзіне қол жұмсады

Басшысы демалыс уақыты біткенде жұмыстан өз еркіңмен кетуге арыз жазасың депті.

Фото: www.rbc.ua18 Қаңтар 2018, , 17:50

Алматы облысындағы балабақшадан былық шықты. Өтеген батыр кентіндегі жекеменшік бөбекжайдың басшысына жақпаған тәрбиеші өзіне қол жұмсаған. Ол уыс-уыс дәрі ішіп, өлім аузынан әрең аман қалыпты. Есін әзер жиған келіншек мұндай әрекетке басшысының қорлығына шыдамағандықтан барған. Айтуынша, бөбекжай меңгерушісі оны жұмыстан кетуге мәжбүрлеп, абыройына нұқсан келтірген. Аудандық білім бөлімі бұл сұмдықты естісе де, жеке кәсіпкерге тиесілі мекемеге тісі батпай отыр. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Өтеген батыр ауылындағы «Сұңқар» балабақшасында 2 жылдан бері тәрбиеші болып, алаңсыз еңбек еткен Айгүл Нұрбаеваның жыл басында басына қара бұлт үйірілген. Қарауындағы балалардың ата-аналары торт әкеліп, оны бөбекжайдың ас бөлмесіне кіргізіпті. Сол жерде қабырғаның көгергенін көріп, шу шығарған. Бұдан кейін меңгеруші Балжан Еламанқызы Айгүлді «ата-аналарды ас үйге әдейі кіргіздің» деп кінәләп, жұмыстан қуған көрінеді. Бірақ, азын-аулақ болса да, айлығымен 2 баласын асырап жүрген жалғызбасты келіншек мұндай қысымға шыдамаған. Осылайша, өзіне қол салыпты.

«Өтініш жазбадың сен деп қайыршы, бейшара, сүміреймей болсаңшы деп маған сөйледі. Өзім де не айтарымды білмей қалдым ана жерде үн түнсіз жылап шығып кеттім. Үйге келдімде бір уыс дәріні ішіп алдым»,-деді Жәбірленуші, Айгүл Нұрбаева.

«Меңгеруші ата-аналардың көзінше намысымды қорлады» деп ашуға булыққан Айгүлдің өзіне қол саларда екі баласын ойлауға да шамасы келмепті. Тек, жақын құрбысының телефонына қос перзентін аманаттауға ғана мұршасы келіпті.

«Жедел жәрдемде асқазанын жуып бізге алып келді. Алып келгеннен кейін бізде мына жерде дизентаксикационный терапия жасадық. Дәрілерін беріп, мамандар қарады. Стационарлық емдеуге көрсеткіштер болмағаннан кейін, үйіне қайтарылды. Кейін біздің учаскелік дәрігерлер, психологтар барып әңгімелесті»,-деді Алматы облысы Іле аудандық Орталық ауруханасы директорының орынбасары, Айдар Солтанғазиев.

Қазір Айгүл еңбек демалысында жүр екен. Бірақ, басшысы демалыс уақыты біткенде жұмыстан өз еркіңмен кетуге арыз жазасың депті. Шақша басы шарадай болған тәрбиеші, бұдан әрі қалай күн көрерін білмей отыр. Мән- жайды меңгерушінің өз аузынан білмекке «Сұңқар» балабақшасына бізде бардық. Тілшілерді есіктен қарсы алған мына әйел, бастапқыда өзін Жаннұр Борашқызы деп таныстырып, Айгүлге тіл тигізген меңгеруші жұмыстан шыққанын жеткізді. Ал, орнына өзі тағайындалғанын айтып қалды. Бірақ, кейін қарамағындағы қызметкердің бірі біз іздеген меңгерушінің, дәл осы кісі екенін жайып салды.

Былығын жасырды ма, әйтеуір балабақша меңгерушісі бір сөз айтпастан есікті тарс жапты. Ал, аудандық білім бөліміндегілер бұл сұмдықтан хабардар. Алайда, жеке кәсіпкерге тиесілі мекемеге тісі батпай отыр. Қазір Айгүл Нұрбаеваның арызы бойынша, қылмыстық іс қозғалған.

Айдана Мейрамбайқызы, Арсен Сандыбаев

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ