Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды

Қазір 1996 жылғы күдікті Іле ауданының ІІБ қамауда отыр.

Фото: www.inform.kz19 Қаңтар 2018, , 17:13

Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды. Қазір 22 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Іле ауданында болған. 18-ші қаңтар күні аудандық ІІБ-не Междуреченск ауылының тұрғыны арызданып, баласын белгісіз адамның зорлап кеткендігі жайлы шағымданған.

«Бірнеше сағаттың ішінде күдікті анықталды. Қазір зорлау фактісі бойынша ҚР ҚК 120 бабы 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, 1996 жылғы жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызға ауылдағы қонақ үйлердің бірінде жыныстық қарым-қатынас жасаған.

Белгілі болғандай күдікті қонақ үйдің бөлмесіне алдын-ала тапсырыс беріп қойған.

Ал жәбірленушіні ол жерге алдап алып келген.

«Күдікті өз сөзінде қыздың келбеті үлкен көрінгенін және олардың арасындағы жыныстық қарым-қатынас келісіммен болғандығы жөнінде айтты. Бірақ жәбірленуші тарап күдіктінің сөзін жоққа шығарып отыр», деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Қазір 1996 жылғы күдікті Іле ауданының ІІБ қамауда отыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ