Өскеменде қала ішін қасқырлар кезіп жүр

stan.kz
Адамдар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды.

Ветеринарлар мен аңшылар №19 шағын ауданда рейд жүргізді. Себебі жергілікті тұрғындар бұл ауданда қасқыр жүргенін айтты, деп жазады stan.kz.

Жақында ЖМК шетіндегі жаңа шағын аудандардың бірінде тұратын тұрғындар Көкжал Барақ көшесі жақта қасқыр жүр деген хабарлама таратты.

Қала азаматтары желтоқсанда да қоқыс контейнерлерінің қасынан жыртқыштарды көргенін айтқан. Адамдар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды, деп хабарлайды Өскемен қаласының Facebook-тегі ресми парақшасында.

«Ветеринарлар Аңшылық одағының өкілдерімен байланысып, қауіптің алдын алу мақсатында ЖМК маңында бірлескен рейд жасады. 19 қаңтарда қалалық ветеринар бөлімінің мамандары басшыларымен бірге шағын ауданды аралады. Қызметкерлер жергілікті тұрғындармен де кездесті. Сөйтсе, шынымен қасқырлар ЖМК-ның адамдар тұратын жағына келе бастапты. Жақын жерде олардың үйірі болуы мүмкін», – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды