Ақмола облысында 3 адам аязда көз жұмды

www.inform.kz
Алғашқы жағдай 20 қаңтар күні Щучинск қаласында болған.

Ақмола облысында суыққа қатып қалған 3 адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, алғашқы жағдай 20 қаңтар күні Щучинск қаласында болған. Күндізгі сағат 15:50-дерде арықта қатып қалған 1980 жылғы ер адамның денесі табылды.

Ал, 21 қаңтар күні тағы да Щучинск қаласында жекеменшік үйдің ауласында суықта үсіп өлген 1967 жылғы әйелдің денесі табылды.

Әйел жергілікті тұрғынның үйінде бөлме жалдап тұрғаны анықталды.

Сол күні Шортанды ауданының Дамса ауылында көшеде қатып қалған 1954 жылғы ер адамның денесі табылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды