Сиви Махмуди өзінің қандай атақ алғанын ұмытып қалды

Бұл тосынсый Сивиге туған күнінде табысталған болатын. Меншікті мерекесінде мемлекеттік марапатқа ие болған әнші, алған атағын есіне түсіре алмай састы.

Фото: reactor.inform.kz22 Қаңтар 2018, , 13:38

Бұл жолы бикеш өзіне табысталған төсбелгінің атауын білмей қатты қобалжыды. Таяуда ғана инста парақшасында бұл қуанышын жар сала жариялаған Махмуди, алған марапаты жайлы ақпараттан мақұрым болып шықты. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Аталмыш тосынсый Сивиге туған күнінде табысталған болатын. Меншікті мерекесінде мемлекеттік марапатқа ие болған әнші, алған атағын есіне түсіре алмай састы.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

-Атауы шынымды айтайын толықтай есімде жоқ. Ұят болды. Ұят болса да.

Өкінішті-ақ! Сивиге тағылған «Еңбек даңқы» төсбелгісі еді. Аталмыш марапат жайлы толығырақ ақпаратты сұрағанымызда, өнер иесінен тағы да тұщымды жауап ала алмадық.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

- Кейін айтайықшы ол жайлы, иә?!

Ал, әншінің желідегі оқырмандары, Махмудидің мұндай марапатқа лайық еместігін жарыса жазып жатыр.

- «Аузы қисық болса да, байдың қызы сөйлесін» деген заман болды ғой...

- Шынымен еңбегім сіңді деп ойлайсың ба?

- Əлі еңбегің сіңбеген, не үшін береді? Қанша ақша төлеу керек?!

«Melo'Men» тобы:

-Халық барлығын көріп отыр, көзі ашық. Кімнің лайық, кімнің лайық емес екенін халық жақсы біледі. Сондықтан да, ол әңгіме құрдан-құр жүрмейді. «Жел соқпаса шөптің басы тұрмайды».

Иә, жыл соңында Серік Ибрагимов те дарынды жастардың қатарын толықтырды. Абырой болғанда, әнші жігіт өзіне бұйырған марапат туралы мағлұматтан құр алақан емес екен.

Серік Ибрагимов, әнші:

- Жиырма тоғыз жасқа дейін берілетін, бұл дарынды жастарды одан ары қарай, жақсы белестерді бағындыра берсін деген ниетпенен берілген, үміт сыйлығы ғой. Ары қарай жұмыс істеуге үміт сыйлайды. Күш-қуат, шабыт сыйлайтын «Дарын» сыйлығы. Және де, еңбектің де бағаланғаны деп ойлаймын.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ