Шымкентте автобус өртенді

otyrar.kz
Қоғамдық көліктен өрт шыға бастағанын Шымкент ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері байқаған.

Шымкенттегі жібек жолы көшесінің бойында қоғамдық көлік өртенді. №22 бағытта қатынайтын автобус түгел жанып кеткен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға Жібек жолы көшесінің бойында, «Балдырған» аялдамасы маңында болған. Қоғамдық көліктен өрт шыға бастағанын Шымкент ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері байқаған. Олар өртті сонда орнатылған бейнебақылау камераларынан көріп, оқиға орнына экипажды жіберген. Одан кейін облыстық Төтенше жағдай департаментіне хабар берген.

Автобустың ішінде көлік жүргізушісі, кондуктор мен екі жолаушы болған. Барлығы да құтқарылып, ешкім зардап шекпеді. Ал автобустың 2014 жылы шығарылғаны және «Бекзат Сервис» ЖШС-іне тиесілі екені белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды