Шымкентте сарбаздар жүкті әйелді құтқарып қалды

stan.kz
Шымкентте 6506 әскери бөлімінің сарбаздары жүкті әйелдің өмірін арашалап қалды.

ҚР Ұлттық гвардия баспасөз қызметініің мәліметінше, 20 қаңтар күні кешкілік қатардағы сержант Кенжетай Отарбай, Тұрар Уахит пен аға сержант Хамиджан Миргазием жол үстінде жатқан әйелді көреді, деп хабарлайды stan.kz.

Сарбаздар әйелдің жүрек соғысын тексеріп, Кенжетай Отарбай оған алғашқы көмек көрсетеді. Өзінің оқтан қоғайтын күртесін әйелдің астына төсеп жіберіп, жүрегіне массаж жасап, жасанды дем берген. Бұл кезде Хамиджан Миргазием жедел жәрдем шақырған.

Құтқарушылардың алғашқы көмегінен соң әйел есін жиып, емханаға жеткізілді. Сарбаздар дер кезінде көмек көрсетіп, әйелді ғана емес, құрсағындағы сәбиді де аман алып қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды