Алматыда құсбегілердің республикалық турнирі өтеді

www.24.kz 
Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер қатысады.

Ақпанның 8-10 аралығында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Айтулы доданың басты мақсаты – жақсы үрдісті еліміздің мәдени, рухани ордасы – Алматы қаласында қайта жаңғыртып, қолға алу.

Және биылдан бастап қыран құсты баптаушылардың жарысын өткізуді дәстүрге айналдыру.

Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер қатысады.

Жарыс құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, құсты ат үстінен қолға шақыру, шырға тарту кезеңдерінен тұрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды