Ақмола облысында жолда қалған Қырғызстанның 7 азаматы құтқарылды

www.inform.kz
Жолаушылардың барлығы Щучье қаласындағы №24 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жеткізілді.

Ақмола облысында жолда қалған Қырғызстан Республикасының 7 азаматы құтқарылды. Оның 2-уі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда таңғы уақыт 08:23-тер шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 240 шақырымында, яғни Щучье қаласынан шыға берістегі «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінің маңында «Мерседес Вита» минивэн көлігі істен шыққаны туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көліктің Ресейдің Пермь қаласына бағыт алғанын жəне салонында Қырғызстан 7 азаматы (оның ішінде 2-уі бала) отырғанын анықтады. Жолаушылардың барлығы Щучье қаласындағы №24 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді», -деп мәлім етті ТЖД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды