Бурабайда балықшылар шатырында 5 адам уланып қалды

www.inform.kz
Қайғылы оқиға 28 ақпанда Бурабай ауданында болған.

Ақмола облысының Бурабай ауданында 5 адам көмірқышқыл газынан уланды. Оның 3-уі көз жұмса, 2-уі ауыр халде ауруханға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 28 ақпанда Бурабай ауданында болған.

«Щучье көлінде балықшылар тіккен шатырдың ішінде 1975, 1980 және 1983 жылғы үш ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, адамдар көмірқышқылы газынан уланған. Сонымен қатар, тағы екі адам ауыр халде Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде, соттық-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықталуда», - деді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды