Шымкентте газ балоны жарылып, қарт кісі күйіп қалды

otyrar.kz
Куәгерлердің айтуынша 50 л газ баллон үйдегі бастырманың астында тұрған.

Шымкентте жер үйде газ баллоны жарылды. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, үйдегі 60 жастағы қарт кісінің беті мен аяқ қолы қатты күйіп қалған. Күйік шалған азаматты жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Куәгерлердің айтуынша 50 л газ баллон үйдегі бастырманың астында тұрған. Газ баллон бірден жарылып, ас үйдің төбесі опырылып түскен. Қазір өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр.

ОҚО ТЖД баспасөз қызметінің мамандары үйдің ауласында көлемі 150 ш.м бастырмасының астында тұрған 50 л газ баллонынан газ шығып нәтижесінде ауада газ жиналып, жарылыс болған дейді.

Оқиға салдарынан 1957 жылы туылған азамат зардап шекті. Оған медициналық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды