Қазақстандықтар кибершабуыл кесірінен қанша қаражаттан айырылды

Baq.kz 
Еуропа мен АҚШ-та заң кибершабуыл туралы ақпаратты жариялауға міндеттейді.

Кибершабуыл 2017 жылы қазақстандықтарға 1 миллион доллардан артық шығын әкелді. Бұл туралы «Касперский зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Монғолия елдеріндегі директоры Евгений Питолин айтты, деп хабарлайды Baq.kz aқпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Ол шығын мөлшері аталған саннан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін айтты, бірақ ашық мәліметтердің жоқтығына байланысты нақты ақпарат бермеді. Сол себепті шамамен бағалауға ғана мүмкіндік бар.

«1 миллион доллардан кем емес – бұл жүйенің бос тұруы мен басқа факторларды есептегенде. Бірақ, шығын бұдан көп. Мәселе осында – Қазақстанда компаниялар мұндай оқиғаға байланысты ақпарат беруге міндетті емес. Ал Еуропа мен АҚШ-та заң кибершабуыл туралы ақпаратты жариялауға міндеттейді. Сондықтан, Қазақстанда ресми статистика жоқ, біз тек жасаған аналитикамызға байланысты жорамалдаймыз. Мысалы, Қазақстан қолданушылары кибералаяқтықтың әсерінен қаржысынан айрылып, қиналған елдердің алғашқы бестігіне кіреді екен», - деді Евгений Питолин.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды