Оралда басына мұз құлаған ер адам көз жұмды

www.inform.kz
Жедел жәрдемге шақырту сағат 11.58-де түскен.

Бүгін Орал қаласында басына мұз құлаған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға қала орталығында, Карев аялдамасы маңында орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың айтуынша, 1948 жылғы ер адам лента керіліп тұрғанына қарамастан, қауіпті тұстан өтіп бара жатқан.

Жедел жәрдемге шақырту сағат 11.58-де түскен.

Сол тұста өтіп бара жатқан жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына екі минуттан кейін жеткен.

Басынан жарақат алып, мойнына зақым келген ер адам машинаға салып үлгергенше, қайтыс болып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды