Суға кеткен баланы офицер құтқарып қалды

onthe.io
Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген баланың бүгінде жағдайы жақсы.

Жыл басынан бері күнгейде балалардың суға кету оқиғасы жиілеп кетті. Бұл жолы суға кеткен баланы «періштесі қағып», аман қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы «Достық» каналына суға кеткен 5 жасар баланы ұлттық бюро қызметкері құтқарып қалды, деп жазады otyrar.kz.

Аталмыш елдімекеннің балалары канал бойында ойнап жүріп, өсіп тұрған ағашқа өрмелемек болыпты. Бір топ баланың салмағын көтере алмай ағаш сынып түскен. Суға кеткен балалар тез арада жағалауға шығып үлгереді. Алайда қатты ағыс Елдосты ағызып алып кетеді. Кіп кішкентай баланың суға ағып бара жатқанын арғы жағалауда жүрген бір азамат байқап қалған. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы ОҚО бойынша департаментінің Мақтаарал аймағы ауданаралық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Марат Оразов болатын.

Офицер бүлдіршінді судан құтқарудың оңайға соқпағандығын айтады. Өмір мен өлім арасында арпалысқан бүлдіршінді әзер дегенде жағалауға алып шыққанда онда тіршілік белгісі байқалмаған. Әзер дегенде суды құстырып, өкпесіне ауа үрлеп, аман қалуына септескен офицерге баланың барша туыстары алғыстарын жаудырған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген баланың бүгінде жағдайы жақсы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды