Алматы зообағында дүңгіршектердің саны азаймақ

www.inform.kz
Алматы әкімі Бауыржан Байбек зообақ нысандарының бірыңғай стилін қалыптастыру туралы бастаманы қолдады.

Алматы зообағында арзанқол ойыншықтар мен қаптаған донер дүңгіршектер саны азайады. Бұл туралы мәслихат депутаты Ержан Еркінбаев Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы әкімі Бауыржан Байбек зообақ нысандарының бірыңғай стилін қалыптастыру туралы бастаманы қолдады.

«Біздің зообақтағы 30 дүңгіршектің санын 10-ға дейін қысқарту және бірыңғай стиль қалыптастыру туралы бастамамызды қала әкімі қолдады. Зообақта нысандар бірыңғай әрі функционалды болуы тиіс. Біз жалға алу ақысын төмендетуге дайынбыз», - деді Ержан Еркінбаев.

Айта кету керек, Алматы зообағы соңғы 2 жылда үлкен өзгерістерді бастан кешірді. Атап айтқанда, жануарлар қамалған торлар ыңғайлы вольерлерге ауыстырылды.

Өткен айда экзотариум бөлігі толығымен қайта жасалды.

Сонымен қатар, акула тұқымдастар мен медузаларды тамашалуға мүмкіндік беретін аквариум ашылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды