Қазақстан азаматтығын сатпақ болған шенеунік парамен ұсталды - ІІМ

www.inform.kz
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан азаматтығын сатпақ болған көші-қон қызметінің шенеунігі ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат депаратментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіз қызметінің қызметкерлері ҰҚК департаментінің жедел тергеу тобымен бірге әзірленген арнайы операция барысында 10 сәуір күні облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Н.Төлегенұлын ұстады. Ол Ауғанстанның 4 тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін 3500 доллар (шын ақша) және 30 мың доллар (муляж) көлемінде пара алу кезінде ұсталды», - деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, Н.Төлегенұлы Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды