Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін 

sputniknews.kz
Астанада айыппұл төлемеген жүргізушілерге көліксіз қалу қаупі төніп тұр.

Елордамызда әкімшілік айыппұл бойынша борышкер көлік иелерінен техникалық құжат алынып, көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазір Астана полициясы "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық шарасын жүргізіп жатыр.

Әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар тұлғаларға бұдан бұрын ескерту жасалған.

"Айыппұлын төлемеген борышкерлерге қатысты сот орындаушыларымен бірлесе отырып мәжбүрлеу шараларын қолданып жатырмыз, яғни көліктерін айыппұл тұрағына жөнелтіп, техникалық құжатын аламыз", — делінген Астана ішкі істер департаменті хабарламасында.

Қазір айыппұл тұрағына 53 көлік жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды