Астанада 500 домбырашы бір мезгілде Құрманғазының күйін күмбірлетеді

elorda.info
Флешмобқа қатысу үшін dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеуден өтіп, байланыс телефонын қалдыру керек.

Қазақстан халқының бірлігі күні 500 домбырашыдан құралған оркестр «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін орындайды. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда инфо.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 500 домбырашыдан құралған оркестр «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін орындайды. Флэшмоб қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасымен ұйымдастырылады.

"Елорданың 20 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала үні» атты ауқымды шараға музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатысуға болады. Ашық аспан астында өтетін мерекелік флешмоб кезінде қазақ ұлттық музыкалық аспабының керемет үні жиналған қауымның жүрегін тербеп, рақатқа бөлейді", - дейді қалалық мәдениет және спорт басқармасындағылар .

Флешмобқа қатысу үшін dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеуден өтіп, байланыс телефонын қалдыру керек.

Айта кетейік, сондай-ақ сайтта шараның өткізілуіне неше күн қалғаны көрсетіліп отырады. Шара 1 мамырда сағат 15:00-де өтеді.

Сонымен қатар флешмобқа белгілі айтыскер ақындар да қатысады. Жандарбек Булгаков пен Сара Тоқтамыс қонақтарды өз шеберліктерімен тәнті етпек. Бұдан басқа, «NOMAD» инструменталды жобасы өзінің танымал композицияларын орындайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды