Көкшетауда ағайынды екі жігіт есірткі сатумен айналысқан

sputniknews.kz
Біреуінің кішкентай баласы бар, екіншісі ата-анасымен бірге тұрады.

Көкшетауда полиция наша сатумен айналысты деген күдікпен екі ағайынды жігітті ұстады, деп хабарлайды sputniknews.kz Ақмола облыcы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"Есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің назарына 27 және 20 жастағы ағайынды екі жігіт наурыздың соңында түскен болатын. Олардың 7 граммнан астам наша сатқаны анықталды", — деп мәлімет берді полиция.

Күдіктілер мекенжайлары бойынша ұсталыпты. Ағасы отбасын құрған, кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар, ал інісі ата-анасымен бірге тұрады.

Полиция үйді тінту барысында есірткі қолдануға арналған құралдар тапты.

Қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды