ОҚО-да барымтаны кәсіп еткен екі тұрғын ұсталды

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы
Ізі суымай жергілікті екі жас жігіт анықталып ұсталды.

ОҚО ІІД Сарыағаш АІІБ-на жергілікті тұрғын арызданып, онда арқандаулы тұрған 1 бас жылқысын белгісіз азаматтардың ұрлап кеткенін көрсеткен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сондай-ақ ертесі күні, яғни 25 сәуірде тағы бір жергілікті тұрғын жайылымдағы 2 бас жылқысының жоғалғанын айтып полицияға шағымданған. Жәбірленушілерге жалпы 700 мың теңге шығын келген. Аталған деректер Сарыағаш АІІБ-ның СДТБТ-не ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен тіркелді.

Орын алған деректер бойынша Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлерінен жедел –іздестіру тобы құрылып, жан-жақтама іздеу жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде ізі суымай жергілікті екі жас жігіт анықталып ұсталды.

Ұсталған күдіктілер ұрлық әрекеттерін, жылқылардың жайылымда қараусыз жүрген кезде іске асырған. Полиция қызметкерлері қазіргі таңда күдіктілердің басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоқтығын тексеру үстінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды