Сайлау туралы заңға енгізілетін өзгертулер құқықтық кемшіліктерді жояды - депутат

www.aktobegazeti.kz
Түзетулер сайлау туралы заңнаманы жетілдіруге, яғни жаңа институттарды енгізу арқылы, құқықтық кемшіліктерді жоюға бағытталған.

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасын қабылдады, деп жазады Zakon.kz.

Заң жобасы сайлау туралы заңнаманы жетілдіруге, жаңа институттарды енгізуге, құқықтық кемшіліктер мен қақтығыстарды жоюға бағытталған, - деді депутат Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеудің мақсаты негізгі сайлау принциптерін сақтауды одан әрі қамтамасыз ету болып табылады.

Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар ашық және демократиялық сайлау процесін қамтамасыз етуге көмектеседі, - деп ойын білдірді депутат.

Сонымен қатар отырыста «Сайлау туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды