Енді балалар мен кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршіндер ұшаққа бірінші отырады

zakon.kz
Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бармүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету ыңғайлы болды.

2018 жылдың 3 мамырынан бастап әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың жиі сұрауларын ескере отырып, жолаушыларға (соның ішінде мүгедектер мен жүкті әйелдерге) авиакомпания ұшу барысында денсаулыққа зиян келіп, жарақат алып немесе жолаушының қайтыс болған жағдайында, тұтынушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады деген талаптар алынып тасталды. Бұл ереже барлық жолаушыларға тиісті.

Сондай-ақ, түзетулер күшіне енгеннен кейін, мүгедектер арбасындағы жолаушылар күтушілерінің көмегіне жүгінбей қатынай алады.

Атап өту керек, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында енді балалар мен кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршіндер ұшаққа бірінші отырғызылады. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында, кәмелеттік жасқа толмаған балалар туыстарымен бірге қатынайтын болса міндетті түрде баланың туу туралы куәлігі немесе туыстығын дәлелдейтін құжат болғаны шарт. Бұл өзгерістер ережелерге еңгізілді,- деп жазды Азаматтық авиация комитеті өзінің фэйсбук парақшасында.

Айта кету керек, Ереженің өзгерістеріне сәйкес, жолаушы 40 минуттан кешікпей әуежайда тіркеу рәсімін өту керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды