Назарбаев: Әскери өмір – темірдей тәртіпті талап етеді

www.akorda.kz
Президент мұндай наградаларға халыққа қызмет көрсетіп, ел тыныштығы үшін әскер қатарында жүрген үздік әскерилер лайықты екенің атап өтті.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер мен біліктілік сыныбын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айтулы мерекелердің қарсаңында Бас қолбасшы ретінде жоғары дәрежелі шендер мен атақтарды және марапаттауды жасайтынымды, сондай-ақ қызметте айтарлықтай жетістіктерге жеткен азаматтарды жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттайтынымды білесіңдер, -деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай наградаларға халыққа қызмет көрсетіп, ел тыныштығы үшін әскер қатарында жүрген үздік әскерилер лайықты екенің атап өтті. Сонымен қатар, Елбасы әлемдегі тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің әскери күші тәуелсіздік пен тыныштықты сақтау үшін ерекше маңызға ие екенің атап өтті.

Біздің әскеріміз, құқық қорғау құрылымдары, қарулы күштер елдің қауіпсіздігі мен егемендіктің берік кепілі болып табылады. Мемлекет бейбіт өмір мен барлық қазақстандықтардың тыныштығы үшін атқарып жүрген еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Осы марапаттар мен наградаларды табыстай отырып, алдағы уақытта да, ел тыныштығы үшін талмай қызмет істейтіндеріңізге кәміл сенеміз, - деді Президент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды