Қазақстанда ең көп тараған фамилия иелері анықталды

Сурет: zakon.kz
Қазақстанда ең көп таралған фамилия - Ахметов(а).

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Қазақстанда ең көп тараған фамилияларды атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Әділет министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ең көп таралған фамилия - Ахметов(а). Дәл осындай тегі бар адамдардың саны 73 627. Екінші орында - Омаровтар (45 123). Мені үшін үшінші орында тұрған күтпеген фамилия - Ким тегі болды. Қазақстанда осындай тегі бар 42 274 адам тұрады. Төртінші орында Оспановтар тұр (41 068). Ал бестікті жалпы саны 39 296 адамға жететін Ивановтар тұйықтаған. Әрі қарай Әлиевтер - 36 084 адам, Сүлейменовтер - 33940 адам, Ысқақовтар - 31 988, Әбдірахмановтар - 29 091, Ибрагимовтер – 28 755, Қалиевтер – 28 219, Садықовтар – 27 810, Ыбыраевтар – 26 531, Кузнецовтар – 25 990 адам, Поповтар – 24 956, Смағұловтар – 24 005, Абдуллаевтар – 23 729, Исаевтер – 22 910, Сұлтановтар – 22 808, Юсуповтар – 22 763 адам, Ысмаиловтар – 21 392, Нұрғалиевтер – 21 133, Кәрімовтер – 20 575 адам. Сонымен қатар, айта кетейін, Қазақстанда Мұрат деген фамилиясы бар 10 006 адам тұрады», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды