Өскеменде сауда нүктелерінде сатылатын ойыншықтар қауіпсіздік талаптарына сай емес

Сурет: zakon.kz
Тауар сатып алған кезде таңбасына, шығу уақыты мен сақталу мерзіміне, иісіне, бояуына назар аударған жөн.

2018 жылдың төрт айында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті сауда желісіндегі ойыншықтардың алпыс үлгісін сынақтан өткізіп, оның отыз екісі денсаулыққа зиян екенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойыншықтарды тексеру барысында иіс, бояғыш зат, сондай-ақ формальдегид және изобутил спиртінің техникалық нормаларының жоғары екені анықталды.

«Ойыншықтары талапқа сай келмейтін 16 сатушы мен жеткізушіге қатысты ұйғарым шығарылды. Ұйғарым бойынша, заң бұзушылықты жою және оны уақытында орындау керек. Сондай-ақ, 4 айлық қорытынды бойынша, бір кәсіпкерге сот арқылы 70 АЕК көлемінде айыппұл салынып, төрт кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жіберілді», - дейді ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Альмира Манкутова.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қала тұрғындарын ойыншық сатып алған кезде абай болуға шақырады. Тауар сатып алған кезде таңбасына, шығу уақыты мен сақталу мерзіміне, иісіне, бояуына назар аударған жөн.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды