Елордада 13 балықшы айыппұл төледі

Сурет: zakon.kz
Соңғы заң бұзушылық жағдай ағымдағы жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында орын алды.

Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзған үшін 13 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қаласы Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 383-ші бабының 1 тармағын «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бұзған 13 құқықбұзушы 190 000 теңге көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Соңғы заң бұзушылық жағдай ағымдағы жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында орын алды. Атап айтқанда, Астана қ. ІІД «Сарыарқа» ауданы ІІБ-ның Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының мекен-жайына Кенесары көшесі ауданындағы «Есіл» өзенінің бойындағы белгісіз адамдардың балық аулауға арналған торларды орнатып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Тексеріс барысында Кенесары көшесіндегі «Есіл» өзенінің бойында 1994 жылы туылған азаматтың балық аулау мақсатында торларды орнатқаны анықталды», - деп айтылған хабарламада.

Аталған заң бұзушылық бойынша астаналық азамат 5 АЕК (12 025 теңге) көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды