Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген халықты анықтауға шақырады

otyrar.kz
Агенттік сізге тиісті ем алмаған жағдайда, қолдануға болатын егжей-тегжейлі рәсімді сипаттады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тегін дәрі-дәрмектердің кепілдендірілген көлемін алу мәселелерін хабарлауды сұрады, деп жазады zakon.kz.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ауытқуларға жол бермеу мақсатында, диспансерлік есепте тұрған, мамыр-маусым аралығында барлық қант диабетін емдеуге арналған дәрілермен (бұйрық №666) тізбесіне сәйкес қамтамасыз етілмеген азаматтардың, аты-ЖӨНІ, ЖСН, контактілерін, емхана нөмерін және қай елді мекеннен екені туралы ақпаратын kf@mz.gov.kz электрондық адресіне жолдауларын сұрайды, - делінге хабарламада.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың 29 қаңтарындағы жағдай бойынша Астана қаласының медицина ұйымдарына тек 135 млн. 411 мың 746 теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жөнелтілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды