Павлодарда 25 жастағы ер адам Усолка өзеніне батып кетті

www.pavlodarnews.kz
Жігіттің батып кеткені туралы кезекшіге әйел адам хабарлады

Павлодарда 25 жастағы ер адам Усолка өзеніне батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 12 маусым күні сағат 18.05-те орын алған. - Жігіттің батып кеткені туралы кезекшіге әйел адам хабарлады, - деді баспасөз қызметінде.

– Оқиға орнына жеткен жедел құтқару тобына ер азаматтың қай жерде көзден таса болғаны жайлы осы әйел айтып берді. Құтқарушылар көрсетілген жерден 1993 жылы туған ер адамның денесін алып шықты.

ТЖД-де суға батып кеткен адамның үстінде киім болғанын айтты. Қазіргі уақытта жігіттің қандай жағдайда көз жұмғаны анықталуда.

Назым Қарабаева



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды