Өз жаназасының үстінен түскен 20 жастағы жігіт туыстарын шошытты

www.qamshy.kz
Жиырма жастағы жігіт бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен.

Парагвайда өзінің жаназасының үстінен түскен ер адам туыстарын шошытты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "The mirror" газетіне сілтеме жасап.

Жиырма жастағы жігіт бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Кейінірек жергілікті полиция жақын маңнан өртенген адамның мәйітін тауып алған. Мәйітті отбасы мүшелері жоғалған туысының мәйіті деп түсінеді.

Бразилиямен шекарадағы бақылаудың әлсіздігіне байланысты ер адамның тұрғылықты орнында қылмыс көрсеткіші жоғары. Осы себепті оны біреулердің қинап өлтіргені отбасы үшін жаңалық болмаған.

Табылған мәйітті полиция отбасы мүшелеріне табыстап, келесі күні қоштасу рәсімін ұйымдастырылған. Алайда «өлген ер адам» өзінің жаназасының үстінен түскен. Отбасы мүшелері өлдіге санаған туысын көргенде алдымен қатты шошып, артынша қуаныштарын жасыра алмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды