Ақтөбеде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық деректері үш есеге көбейген

ill.in.ua
Әйелдерге күш көрсету деректері әсіресе, облыс орталығында көп тіркеледі.

Ақтөбе облысында соңғы бір жылда әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары үш есеге көбейген. Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, 2 269 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдерге күш көрсету деректері әсіресе, облыс орталығында көп тіркеледі. Мұндай оқиғалардың дені отағасының ішкілікке салынуынан болатын көрінеді.Әәйеліне қол көтерген 200-ден астам тұрғынға әкімшілік жаза қолданылған. Ал ерінің таяғына шыдамаған 5 әйел арнайы орталықта тұрып жатыр.

Альмира Аккатова, ІІД жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы: Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-інші бабы бойынша 1171 адам жауапкершілікке тартылды. 2049 адамға ескерту берілді. Сондай-ақ 73 бабтың 2 бөлімімен 207 адамға, 1 бөлімімен 296 адамға әкімшілік жаза қолданылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды