Атырауда өзбекстандық жеті азамат жауапкершілікке тартылды

zakon.kz
Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының жеті азаматы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Өзбекстан Республикасының жеті азаматы жауапкершілікке тартылды деп жазады atr.kz.

«Өзбекстан Республикасының жеті бірдей азаматы Қазақстанға жеке мақсатымен «Бейнеу» бекеті арқылы келіп, Атырау қаласы көші-қон полиция бөлімінен тіркеуден өтіп, кейін Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылына тіркелген. Алайда, ішкі істер органы қызметкері 21 мамырда тексеру кезінде шетелдіктердің көрсетілген мекен-жайда тұрмайтындығын анықтаған», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сот отырысында Өзбекстан азаматтары құжаттарды дұрыс толтырмаудағы кінәларын мойындап, өздерінің Миялы селосындағы таныстарына табыс табу үшін келгендерін, жаңа мекен-жайда тіркелусіз 10-15 күндей тұрып жатқандарын, құжаттарын қайта тіркеуге тапсырып қойғандарын айтып, қатаң жазаламауды сұрады.

Айта кету керек, сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының жеті азаматы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 36 075 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Хорлан Смадияр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды