Димаш Құдайберген өнер академиясын бітіріп, диплом алды

Stan.kz
Димаш Қазақ Ұлттық өнер университетін “Эстрада вокалы” мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік ғылымдар магистрі атанса, әлемге танылған Димаш Құдайберген бакалавр дәрежесін алды. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірді, деп жазады Stan.kz.

Кезекті еңбегінің жемісі жайлы Димаштың өзі желідегі парақшасында жазды.

“Ахмет Жұбанов атындағы колледжді “опера әншісі” мамандығы бойынша тәмамдаған болатынмын. Бүгін, Қазақ Ұлттық өнер университетін “Эстрада вокалы” мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

Осы 4 жылда маған сенім білдірген ата-аналарыма, университет ректоры – Айман Қожабекқызына және оқытушы – профессорлық ұжымға алғысым шексіз!” – деп бөлісті Димаш.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев пен “Музарт” тобының директоры Ерлан Жүнісбай Еуразия ұлттық университетінің магистратурасынтәмамдады. Қазақ елінің сүйікті әншісі әлеуметтік ғылымдар магистрі атанды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды