"Соңғы демім қалғанша": әнші Бүркіт кенже қызына жүрекжарды уәде берді

"Соңғы демім қалғанша": әнші Бүркіт кенже қызына жүрекжарды уәде берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 16:43 Сурет: Instagram/berkut_aibekjan
Қазақстанға танымал әнші Бүркіт (шын есімі – Айбек Жансейітов) жұбайы Айша (Виктория Жансейітова) және төрт баласымен бірге Малайзияға демалысқа аттанған еді. Әнші сапардан кенже қызы Латифамен түскен әсерлі бейнежазбамен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

47 жастағы өнер иесі бұл видеоны 2026 жылғы 15 қаңтарда өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Менің періштем. Сен үшін жақсы әке болуға тырысамын! Әр уақытта жаныңда табылуға уәде беремін, құлыншағым! Адал, бол, ақылды бол! Бақытты бол! Саған әрдайым жақсы әке болуға уәде беремін! Сені ешқашан тастамаймын, жалғыз қалдырмаймын, сатпаймын! Сені де, ағаларыңды, әпкеңді соңғы демім қалғанша жақсы көремін. Әрине, аналарыңды да", – деп кенже қызына уәде берді Бүркіт.

Бейнежазба да, оған жазылған жүрекжарды сөздер де көпбалалы әншінің жанкүйерлерін ерекше толқытты. Олар Бүркітті жастарға үлгі болатын әке деп атап, оның отбасына бақыт пен амандық тіледі.

  • "Үздік әке" атты конкурс болса сөзсіз сіз жеңер едіңіз!
  • Бақытты күндеріңіз көп болсын, балапандарыңыз аман болсын!
  • Аман жүріңіздер, жақсы демалыс болсын!
  • Сен сөзсіз жақсы әкесің, біз оған куә болып отырмыз, жарайсың, Бүркіт!
  • Керемет, қандай жылы сөздер, сендей әкесі бар бақытты құлыншақтар!

Бұған дейін Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз бен оның отбасын қандай сән-салтанатпен қарсы алғанын көрсеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: