Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз бен оның отбасын қандай сән-салтанатпен қарсы алғанын көрсетті
Сурет: Instagram/gulziraaidarbekova
Танымал қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова 2026 жылғы 12 қаңтарда желідегі оқырмандарын жылы отбасылық бейнемен қуантты. Халықтың сүйікті ұлы Қайрат Нұртастың анасы үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасын қалай қарсы алғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мальдив аралынан демалыстан келген үлкен ұлының отбасын Айдарбекова жарқырата ақ дастархан жайып күтіп алды.

Сурет: Instagram/gulziraaidarbekova
"Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт! Барлығы көріп жүрген күлімсіреу – шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді. Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті…",- деп жазды Айдарбекова.
Жұлдызды отбасының жанкүйерлері әулетті түгелдей көргендеріне қуаныштарын жасырмай, жылы сөздерін айтып, ізгі-тілектерін білдірді.
- Керемет! Тіл – көзден аман болыңыздар! Гүлзира ханымдай ЕНЕ, Нұрас көкедей АТА болса АРМАН жоқ! Өте мейірімді, жанашыр, нағыз текті ӘУЛЕТТІҢ ұрпағын тектілікпен жалғаушы ОТБАСЫ десе болады.
- Қандай керемет! Осындай сәт болса екен деп тілеуші едім. Гулзира замандас өте көреген, ақылды жан екеніңізді көрсеттіңіз. Қайратты да, Жұлдызды да қатты жақсы көремін. Қайрат сондай ақкөңіл. Отбасымен бірге жүрсінші әрдайым. Жүрегін кірбің шалмасын.
- Ене болса Гүлзира әпкеміздей ақ болсын. Нағыз жанашыр жан, келіндеріне, немерелеріне ықыласы ерекше. Мұндай ененің қадірін біліп сыйлау керек. Атасы Нұртас аға да жақсы кісі.
- Осы көріністі сырттан мен көріп отырып қуанып отырм
- Көзіме жас келді ғой еріксіз. Жұлдыз 5-бала шағанның несібесіне тек биікке шарыктай бер, ешқашан әділетсіздік көрмеші, мен сені танымаймын көрмегенмін бірақ сен менің бауырымдайсын. Жалғыз емессің Халқың сенімен бірге. Отбасынмен байытты болсаң бізде қуаныштымыз
Бұған дейін Қайрат Нұртастың үлкен қызы кәмелетке толғанын Мальдив аралында атап өткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript