Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртасты жанкүйерлері сағынышпен қарсы алды

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың есімі жаңалықтар бетінде жыпылықтауын тоқтатпайды. 2024 жылдың 22 шілдесінде танымал әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова оның қатысуымен тағы бір бейне жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбада Қайрат Нұртас жиналған бір топ жанкүйерлерінің арасын бұзып өтуге тырысып жатқандығын көруге болады.
Жазбада Айдарбекова оның адал және қажырлы еңбекпен табысқа жетіп жатқанын атап өтті.
Бір қызығы, жұлдызды отбасының барлық оқырмандары бір пікірде болған жоқ. Бірқатар коментаторлар бейнедегі жас ұрпақты әдепсіз мінез-құлық үшін айыптады.
- Адам көрмегендей жабысып,ұят-ай!
- Жас қыздар біреудің байына жабысып не көрінді сонша? Намыс, ұят қалмаған
- Жастардың қылығы не болып кеткен!
- Мынау енді ұят,- деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, Қайрат Нұртас 19 шілдеде бостандыққа шыққан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript