Қызылордада «Әдемі» нөмірлерді заңсыз беріп келген полиция қызметкері ұсталды

Ашық дереккөздер
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызылордада полиция қызметкері өзінің ресми өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифинг барысында мәлімдеді.

"Қызылордада облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік және ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлері алдын ала тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-тармағы (билікті асыра пайдалану) бойынша Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан алу жұмыстары бөлімшесінің лауазымды тұлғасын ұстады. Ол 2018 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында жүйелі түрде жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берумен заңсыз айналысып келген. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға көмек көрсетіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Садубаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды