Бәтеңкесін иіскетті: Сасық иістің кесірінен автобус аударылып қалды

postirke.ru
Кенияда автобус бәтеңкеден шыққан жағымсыз иістің кесірінен аударылып қалды.

Аяқ киімнен шыққан сасық иістің кесірінен автобус аударылып қалды. Бұл туралы The Star басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, Найробиге бара жатқан автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Салдарынан 42 жолаушы, оның ішінде 11 бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Апат салдарынан бір адам көз жұмды. Сондай-ақ, екі адам ауыр халде жатыр.

Жүргізуші мен бақылаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Оларды полиция іздестіріп жатыр.

Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, апат алдында автобус жүргізушісі бәтеңкеден шыққан жағымсыз иіс үшін механикпен ұрысып қалған.

«Автобус механигі жүргізушіге бәтеңкесін иіскетті. Бұл мен көрген соңғы нәрсе болды. Қатты соғылған дыбыс шықты. Мұнан кейін мен ауруханада ояндым», – дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды