Мемлекет басшысы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға қол қойды

www.zakon.kz
Заң халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына тегін құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Заң халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына тегін құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заңнаманы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды