Түркістан облысының тұрғыны бөтелкелесін пышақтап тастады

otyrar.kz
Жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға әкетті.

Үстіміздегі жылдың 11-ші шілде күні сағат шамамен түнгі 23:00 шамасында Қайнар бұлақ елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды. Мұнда екі ер азамат бірге спирттік ішімдік ішіп отырып сөзге кеп қалған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мас халде болған азамат қасындағысын басынан соққы жасаған. Соның салдарынан ашуы шығып, бөтелкелесіне асханалық пышақпен бүйрек тұсынан сұғып алған.

Алғаш болып айқайды естіген көршілері болған. Олар лезде жедел-жәрдем шақырытып, полицияға хабарлаған.

Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы ауыр. Пышақталған азамат көп қан жоғалтқан.

Жедел жәрдем қызметкерлері жәбірленушіні ауруханаға әкетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды