Жамбыл облысында 40 келіден астам марихуана тәркіленді

www.24.kz
Қазір ұсталған адам қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тасмалдаушы ұсталды. Полицейлер оны иісшіл иттің көмегімен қолға түсірді. Бұл туралы zakon.kz Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық оқиға Шу ауданында болған. Тәртіп сақшылары жылжымалы бекетте «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізеді.

Тінту кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде есірткі жасырылған үш жолаушы сөмкесі анықталды. Қызметтік иттің арқасында 40 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Тергеп, тексеру нәтижесінде есірткі 36 жастағы ақтөбелік азаматқа тиесілі екендігі белгілі болды. Қазір ұсталған адам қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды