Атырауда резерват өртеніп, қала түтінге оранды

www.inform.kz
Өрт жылдам тарап, 7 гектар аумақты бірден жалын шарпыды.

Атыраудағы резерваттың өртенуі салдарынан қаланы түтін басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақ Жайық» табиғи резерватында қамыс өртенді. Өрт жылдам тарап, 7 гектар аумақты бірден жалын шарпыды.

Одан шыққан түтінді жел облыс орталығына қарай ұшырып, қаланы тұтастай түтін басты.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен резерват инспекторлары өртті ауыздықтады. Жайықтың сағасында кішігірім аумақта ғана қалып отыр, ол жер батпақты болғандықтан, өрт сөндіруші көліктің жетуі қиын. Өртті сөндіруге 25 қызметкер және 5 техника жұмылдырылған», - деп мәлімдеді өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.

Резерватпен бірге қоқыс үйіндісі де өртенген. Оны сөндіруге 15 адам және 2 техника жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды