Қостанайда тыр жалаңаш көшеде жүрген ер адам жауапқа тартылды

sputniknews.kz
Көшеде тыр жалаңаш жүрген ер адам қостанайлықтардың ашуын туғызды.

Қостанай тұрғыны көшеде жалаңаш жүргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды sputniknews.kz Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 шілдеде болған. Лыпасыз жүрген ер адам көшеде серуен құрып жүрген – оны көрген куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған екен.

Өңір полициясы хабарлағандай, тәртіп бұзушы "Бұзақылық" бабы бойынша әкімішілік жауапкершілікке тартылған. Ер адам 56 жаста. Бұл бап бойынша 200 бен 500 АЕК аралығында айыппұл төлеуге, қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеледі немесе бостандығы шектеледі.

Алматыда шілденің басында өзен жағасында тыр жалаңаш жүрген ер адам әйелдерді шошытқан. Қала полициясы оны іздеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды