Таразда 8 жастағы бала өзен суына ағып кетті

Baq.kz 
ҚР ІІМ ТЖД сағат 15:00-ден бастап баланы іздеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

Таразда Талас өзеніне ағып кеткен баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Қайғылы жағдай 16 шілде күні болды. Отбасы «Лесхоз» тоғайында демалып жүрген. Ата-анасы баланың су шашып ойнап жүргенін назарда ұстаған, бірақ өзен суының ағысы қатты болып, баланы ағызып әкеткен.

«Ата-анасы баласын қуып жете алмаған. Өзен суының ағысы қатты болған, бірақ бала су ағызып әкеткенде тірі болған. Олар бірден құтқарушыларға, полиция қызметкерлеріне хабарласып, іздестіру жұмыстары басталған. Ол ағаш бұтағын қармап қалуы мүмкін. Денесі әлі табылған жоқ», - деді ерікті Ирина Лаптева.

ҚР ІІМ ТЖД сағат 15:00-ден бастап баланы іздеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды