Түркістан облысында шетелге шыға алмаған борышкерлер қатары 200 мыңға жетті

www.inform.kz
Жыл басынан бері борышкерлердің бюджетке берешегі 12 миллиард теңгеге жеткен.

Түркістан облысында қарызы үшін шетелге шыға алмағандар қатары 200 мыңға жеткен. Бұл туралы өңірдің Кірістер департаментіне қарасты борышкермен жұмыс басқармасының басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Әбіт Бекжігіттің айтуынша, түрлі қарызы бар азаматтардың қатары жылдан жылға артып отыр.

Жыл басынан бері борышкерлердің бюджетке берешегі 12 миллиард теңгеге жеткен. Салық кодексіне сәйкес, борышкерлердің берешегін жою мақсатында олардың мүліктерін сату арқылы қарыздарды қайтару қарастырылған.

«Бұл ретте ағымдағы жылдың 6 ай көлемінде 853 борышкерге қатысты жалпы 1,9 млрд теңгеге мүлікті сату актісі түзілген. Берешек сомасы толық өтелуіне байланысты 695 борышкердің 1,2 млрд теңге тұратын мүлкі сатудан алынды», - дейді Әбіт Бекжігіт.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды