Павлодарда әйел адам көп қабатты үйден құлады

Рavlodarnews.kz 
Облыстық денсаулықсақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше мерт болған әйелдің жасы шамамен 50-де болған.

Павлодар қаласында әйел адам 11-ші қабаттан құлады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ІІД растады. - 2018 жылдың 24-шілдесінде сағат 17:00 шамасында Тәуелсіздік көшесінде 11-ші қабаттан құлаған әйел адамның денесі табылды, - деді ІІД баспасөз қызметінде.

– Оқиға бойынша 105 баппен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Медициналық сараптама тағайындалды.

Облыстық денсаулықсақтау басқармасы баспасөз хатшысының мәліметінше мерт болған әйелдің жасы шамамен 50-де болған.

- Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері әйелдің сол жерде жан тапсырғанын айтты. Ол өмірмен сәйкес келмейтін ауыр жарақаттар алған, - деді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Еске сала кетейік, 11 маусым күні дәл осы үйдің 14-ші қабатынан 31 жастағы ер адам секіріп, көз жұмған.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды