Жемісті жумай жеген қыздың миынан жүзден астам құрт жұмыртқасы табылды

sputniknews.kz
Қыз баланың басы ауырып, талмасы ұстап қала берген. Дәрігерлер о баста дұрыс диагноз қоя алмаған.

Үндістанда дәрігерлер сегіз жастағы қыздың миынан құрттың 100-ден астам жұмыртқасын тапты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Жарты жыл бойы баланың басы қатты ауырып, эпилепсия талмасы ұстап қала берген.

Әуелі дәрігерлер науқасқа "нейроцистицеркоз" диагнозын қойып, стероидтармен емдепті. Сол дәрілердің кесірінен қыздың тыныс алуы қиындап, дене салмағы артып кетеді, тіпті салдарынан төсек тартып қалған.

Амалы құрыған ата-ана қызды басқа дәрігерге алып барады. Компьютерлік томография жасаған кезде, баланың миынан таспа құртының жүзден астам жұмыртқасы табылды. Дәрігердің сөзіне сүйенсек, паразиттер қантамыры жүйесі арқылы асқазаннан миға жетіпті.

Ісікті қайтару және паразитке қарсы дәрі-дәрмек ішкен соң қыз жазылып, аяққа тұрып кетті.

Мамандардың айтуынша, паразиттер дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер мен көкөністер, шала піскен етпен бірге адамның ағзасына оп-оңай еніп кетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды