Павлодарда 11-қабаттан құлаған әйел жас жігітті өлтіре жаздады

sputniknews.kz
Жас жігіт баспалдақпен үйдің кіреберісіне көтеріліп бара жатқанда, үстіне әйел құлайды.

Әлеуметтік желіде павлодарлық әйелдің 11-қабаттың балконынан құлаған сәті түсіп қалған видео тарады деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 24 шілде күні Павлодарда Тәуелсіздік даңғылында болған. №52 үйден "жедел жәрдемге" 11-ші қабаттан құлаған әйелге көмек көрсету туралы хабар түседі. Бірақ елу жас шамасындағы әйел дәрігерлер келгенше көз жұмды.

Инстаграмдағы "Типичный Павлодар" парақшасында әйелдің жоғарыдан құлаған сәті түсіп қалған видео тарады. Видеодан марқұмның баспалдақпен үйдің кіреберісіне көтеріліп бара жатқан жігіттің үстіне құлағанын көруге болады. Қатты соққыдан жас жігіт жеңіл-желпі жарақат алған.

Облыстық ІІД ақпаратты растады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама белгіленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды