Қарттар үйінде қарияны пышақтап өлтірді

www.vladtime.ru
Алдын ала мәліметтер бойынша, 1947 және 1957 жылғы қос қария бір бөлмеде тұрып келген.

Орал қаласындағы Қарттар үйінде қайғылы жағдай болды. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 71 жастағы қарияны пышақтап өлтірген деп жазады kaztrk.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 1947 және 1957 жылғы қос қария бір бөлмеде тұрып келген. Бір-бірімен сөзге келіп қалып, бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұғып алған.

Жедел жәрдем станциясына хабарлама түскі 13:40-та түскен. Алайда, ауыр жарақаттан Жомарт Өтеғалиев дәрігерлер келгенше көз жұмды.

Бұл оқиғадан кейін орталыққа кіру тіптен қиындады.

Телефон арқылы тілдескенімізде мекеме басшылығы қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Кісі өліміне әкелген жағдайдың жай-жапсарын қазір полиция қызметкерлері анықтау үстінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды