Оралда 9 жастағы бала көлік айдап, тірекке соғылды

www.24.kz
Арада апта өтпей жатып келеңсіз жағдай тағы да қайталанып отыр.

Оралда осыдан бірнеше күн бұрын бөтен көлікті айдап кеткен 9 жастағы жеткіншек тағы да тап сондай бұзақылық жасады. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, тамыздың 6-ы күні ол жол талғамайтын Suzuki джипін мініп кетіп, «Лада Гранта» жеңіл көлігіне соқтығысқан болатын.

Ал балақайға көлік жүргізуді үйреткен әкесі болса: «Ұлым үйде көбейту кестесін жаттап отырды, қалай далаға шығып кеткенін аңғармай да қалыппын» деп ақталған еді.

Арада апта өтпей жатып келеңсіз жағдай тағы да қайталанып отыр. Бұл жолы «Тойотаны» тақымдап кеткен тентек көпір бағанына түйісіп тоқтаған.

Шағын автобусқа айтарлықтай зақым келгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға 9 тамыз күні кешкісін болды. БҚО ІІД баспасөз қызметі аталған жағдайдың мән-жайы туралы арна тілшісіне бүгін түстен кейін хабарлайтынын мәлімдеді.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды